«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛҒЫН СУРЕТШІЛЕР БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз ойларын, арман-тілектерін қағаз бетіне түрлі түстермен салуды ұнататын ұл-қыздар үшін “Солтүстік Қазақстан” газеті Вееline Қазақстанмен бірлесіп, байқау ұйымдастырған болатын. Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген байқауға жіберілген Отан, туған жер, ел, бейбітшілік, бірлік тақырыбында салынған суреттердің үздіктері анықталды. Байқау жеңімпаздары атанған ұл-қыздар сыйлықтарын редакциямыздан алып кете алады. 

1-орын. Бас жүлде – Мақсат ДӘУРЕНОВ. Ол – Петропавл балалар психоневрологиялық үй-интернатының тәрбиеленушісі. Суреті: “Менің туған өлкем”.

2-орын. Нариман ӘБЕНОВ. Есіл ауданы, Аяған Шәжімбаев атындағы №3 орта мектеп жанындағы интернаттың 8-сынып оқушысы. Суреттері: “Қазақстан, алға!”, “Бейбітшілік және достық монументі”, “Бурабай”.  

2-орын. Сабина ҚАЛЫҚОВА. №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы. Суреттері: “Бәйтерек”, “Астана”.

3-орын. Маржан ЖАНАСАЕВА. Жамбыл ауданы, Майбалық орта мектебінің 5-сынып оқушысы. Суреттері: “Туған жерім”, “Туған елім Майбалық”, “Алтын күз”.

3-орын. Айбек ЕСЛЯМҒАЗИ. Есіл ауданы, Аяған Шәжімбаев атындағы №3 орта мектеп жанындағы интернаттың 6-сынып оқушысы. Суреттері: “Ауыл кеші”, “Наурыз”.

3-орын. Нұрбол ВАЛИАХМЕТ. Айыртау ауданы, Карасевка орта мектебінің 5-сынып оқушысы. Суреті: “Менің елім”.

 

Аталымдар:

1. “Тапқыр суретші”. Камила НҰРЛАНОВА. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 3-сынып оқушысы. Суреттері: “Бақытты балалық шақ”, “Бәйтерек”.

2. “Ынталы суретші”. Әйгерім ҚАБДІЛМӘЖИТОВА. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың 3-сынып оқушысы. Суреті: “Туған жер”.

3. “Ұлттар достығы” тақырыбында салған суретші. Томирис ШАЯХМЕТОВА. Жамбыл ауданы, Майбалық орта мектебінің 4-сынып оқушысы. Суреттері: “Отаным”, “Достық”.

4. “Ауыл” көрінісін аша білген суретші. Ұлдана ЕСЕНЖАУЛОВА. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 3-сынып оқушысы. Суреттері: “Жайлау”, “Күз”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp