«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕР ҚИЯЛЫ САМҒАҒАН КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Кристалл” ойын-сауық орталығында “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры және “Эра милосердия” қоғамдық бірлестігі өңірдің 100-ге жуық бүлдіршініне арналған жаңажылдық таңертеңгілік ұйымдастырды. Олардың дені – көпбалалы отбасыларда тәрбиеленетін және мүмкіндігі шектеулі балалар.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Мерекелік іс-шара көңілді қойылыммен басталды. Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлері болып киінген ұл-қыздар шыршаны шыр айнала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Облыс орталығы мен аудандардан жиналған бүлдіршіндер Аяз атаға жаттап келген тақпақтарын айтып, сыйлықтарға кенеліп жатты.

Бұл іс-шараға Есіл ауданынан 10-нан астам бала арнайы келген екен. Олардың ішінде Никита Давыдов та бар. Ол – №1 Явленка орта мектебінің 1-сынып оқушысы. Жаңажылдық шыршаға мушкетер болып киінген ол ер жеткенде де Дюманың кейіпкерлеріндей өжет, батыр болуды қалайды.  

Қайырымдылық шараларға белсене атсалысатын “Эра милосердия” қоғамдық бірлестігінің президенті Галина Калинкина таңертеңгілікті өткізуге көмектескен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Дастарқаннан татып алып отырған балалар өзара әңгіме-дүкен құрып, ойындарға да қатысты. Балалардың арасынан Аяз атаға хат жазғандары да кездесті. Олардың хаттарына жауап беріп үлгерген Аяз ата өз кезегінде сыйлықтарды да үлестірді.

  Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp