«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОШАБАНДОЗДАРЫМЫЗ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ республика намысын абыроймен қорғап жүр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бірнеше жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысының велошабандоздары өңірлер арасында спорт рейтингінің көшін бастап келеді. Осының өзі облысымызда велоспорттың дамуы дұрыс жолға қойылғандығын көрсетеді. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында даңқты жерлесіміз Александр Винокуров ел спортшылары арасынан бірінші болып Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Жастар арасында оның жеңісті жолын абыроймен жалғастырушылар аз емес. 

Сергей КРУЧИНА,

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Мұндай жетістіктер – спортшылардың, жаттықтырушылардың, сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Біздің сайып-қырандар республикадан тысқары әлемдік аренада да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

Биылғы көктемде Сергей Ренев Хорватияда өткен жарыста екінші нәтиже көрсетсе, Артем Захаров Азия чемпионатында тректе күш сынасудан алтын медаль алды, Евгений Непомнящий Тибет тауында “король кезеңін” ұтып, Қытайдағы жарыстың шешуші топтамасында екінші жүлдегер болды. Әсіресе, “Астана” континенттік командасының дебютанты Бахтияр Қожатаевтың жетістіктерін ерекше атап айтқан жөн: ол Францияда өткен халықаралық жарыста тау топтамасында үздік болды, “Әзірбайжан турының” қола медалін екінші рет және канадалық “Ұлт кубогы” кезеңінің бірін жеңіп алды. Биыл ғана халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормасын орындаған Бахтияр кіші Тур де-Франс аталып жүрген “Тур де Лавенир” Әлем кубогында төртінші нәтиже көрсетті.

Өткен жылғы әлем чемпионы Алексей Луценко биыл “Астана” жоғары кәсіби дивизионының “Элита” санатында өнер көрсетіп, беделді “Тур де Франс” веложарысына алғаш рет қатысты. Ол ең жас қатысушы болса да, Жер шарының күшті шабандоздарымен лайықты күш сынасты.

Өткен әлем чемпионатында бес солтүстікқазақстандық республика намысын қорғады: “Андерлер” санатында – Бахтияр Қожатаев, Жандос Бижігітов, Төлеген Майдос, Виктор Окишев, ал “Элита” санатында – Алексей Луценко. Бүгінде “Астана” жоғары дүниежүзілік дивизионының кәсіби велокомандасы құрамында Алексей Луценко, Руслан Тілеубаев және Арман Камышев жаттығып жүр. “Астана” континенттік командасында тағы да тоғыз жерлесіміз бар.

Облыстың барлық шабандоздары үшін Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы кәсіби велоклубтың ашылуы маңызды оқиға болды. Солтүстікқазақстандық велошабандоздар атынан облыс басшылығына нақты көмек көрсеткені үшін шынайы алғыс білдіргіміз келеді. Биыл Спорт күні қарсаңында облыс әкімі Самат Ескендіров екі автомобильдің кілтін табыс етті: бірі – велоклубқа, екіншісі дарынды балаларға мамандандырылған арнайы спорт мектепинтернатының велоспорт бөліміне берілді. Осындай жан-жақты қолдаудың арқасында біз әлемдік жарыстарда республика намысын қорғай беретін боламыз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp