«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТІЛЕКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айна ҒАЗИЗОВА,

Петропавл қаласы қазақ мектеп-гимназиясының

5-сынып оқушысы.

– Келе жатқан Жаңа жылда мен барша адамдарға бақыт тілегім келеді. Әр үй қуаныш пен шаттыққа бөленсе деймін! Ұл-қыздар ешқашан жыламай, ата-аналарымен бірге ержеткенін қалаймын! Денсаулықтарыңыз зор болсын!

* * *

Даша ЛЯШЕВА,

Петропавл қаласы №13 орта мектебінің 2-сынып оқушысы.

– Бұл күні маған көп сыйлықтар сыйлағанын қалаймын! Аяз ата қуыршақтар мен тәттілерді шырша астына қойса, мен оны таңертең тауып алып, ініммен бөлісер ем. Жаңа жылда мектепте жақсы оқып, көптеген сайыстарға қатысып, жеңімпаз болғым келеді!

* * *

Никита ДАВЫДОВ,

№1 Явленка орта

мектебінің 2-сынып оқушысы.

– Жаңа жылда барлық тілектер орындалсын! Әлемдегі әр бала арманындағы сыйлықтарға ие болып, ата-аналарын тек бестіктермен қуанта беруін тілеймін! Ата-әжелеріміз, туысқандарымыз аман болып, ешқашан ауырмағанын қалаймын!

* * *

Әлімгер ТАСБОЛАТОВ,

Петропавл қаласы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің 1-сынып оқушысы.

– Жылқы жылы барлық қазақстандықтарға бақыт пен шаттық әкелсін! Әр отбасыда молшылық болып, балалардың армандары орындала берсін! Ата-аналарымыз ешқашан ауырмай, елде бірлік-ынтымақ болсын!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp