«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ ЖОБА жас дарындарға жол ашады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ мектеп-гимназиясы “Шаңырақ” оқушылар қауымдастығы деп аталатын ерекше жобаны қолға алды. Осы жобаның арқасында мектеп ұжымы мен оқушылар Тәуелсіздік мерекесін жылдағыдан өзгеше тойлап өтті.

Саят ЕРМЕК,

“Болашақ журналистер” клубының мүшесі.

“Шаңырақ” оқушылар қауымдастығына жастары әртүрлі екі сынып біріктіріледі. (Мысалы, 12 және 9, 11 және 8, 10 және 7). Әр “Шаңырақтың” өз аты, белгілері, ұраны болады. Соның арқасында оқушылар бәсекелестікке, ұжымдық рухқа, үлкендер кішілерге қамқорлық көрсетіп, көшбасшылыққа тәрбиеленеді.

Бұл жобаның тиімділігі Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні сыналды. Жарты ай бойы құрылған “Шаңырақтар” арасында әртүрлі байқаулар өтті. Олар қабырға газеттерін дайындап, білімдерін сынады, өнерлерін көрсетті. Осының барлығын қазылар алқасы қадағалап, өз бағаларын беріп отырды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында гала-концерт өтіп, мықтылар анықталды. Көпкүндік бәсекенің қорытындысы бойынша “Сұңқар” шаңырағы ең белсенді болып табылды. “Атамекен” шаңырағы ең шебер атанса, “Көрермендер көзайымы” аталымын “Мұрагер” шаңырағы иемденді. Ал ең үздік жүргізуші атағы “Алаш” шаңырағының мүшесі Олжас Қинаят және “Сұңқар” шаңырағының өкілі Ақерке Базыловаға берілді. Жеңімпаздар Қамқоршылық кеңестің атынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мектеп директоры Гүлжан Жақанованың айтуынша, бұл жоба арқылы бұрын танылмай жүрген біраз таланттар көзге түскен екен.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp