«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРРОРИЗМ ҚАТЕРІНЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ жасауды қамтамасыз ету мақсатында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еркін ЖҰМАТАЕВ,

ТЖД-нің Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы.

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте терроризм актісі қатер төндірген немесе болған кезде тәртіп машығын қалыптастыру, олардың салдарын барынша азайту мақсатында ерекше назар аударатын нысандардың басшыларымен және қызметкерлерімен семинар болып өтті. Оған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің антитеррористік орталығының өкілі қатысты.

Облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілі аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы айтып, облыстың жекелеген нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті заңнамалық шараларды жүзеге асыруға сараптама жүргізді, жекелеген нысандарға биыл жүргізілген комиссиялық тексерулердің қорытындысына тоқталды. Солардың нәтижесі бойынша жекелеген басшылардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы жайында атап айтты. Аталмыш шара кезінде семинарға қатысушыларға террористік жағынан осал нысандарға қойылатын заңнамалық талаптар түсіндірілді.  

ТЖД бөлімшелерінің басшылары: АҚ және ТЖ шараларын жоспарлау бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Александр Обухов пен осы жолдардың авторы антитеррористік операцияларға қатысушылар мен өртке қарсы қызметтің өзара іс-қимылы туралы айтып, жарылғыш заттар анықтала қалған жағдайда басшылыққа алатын іс-әрекеттерді түсіндіруге арналған жаднамалар таратты. Семинарға қатысушылар ұсынылған материалдарды талқылап, заманауи терроризм қаупінен сенімді қорғануды қамтамасыз ету үшін орындауға қажетті шараларды анықтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp