«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН КӘДЕСЫЙ – Жаңа жылға таптырмас сыйлық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жыл мерекесіне дейін санаулы күн қалды. Әдеттегідей ерекше дастарқан жасауға қамданып, шыршамызды безендіріп, туғандарымызға сыйлық іздейтін мезет. Бұл күні жақыныңа жай ғана сыйлық емес, нағыз ертегіні тарту еткің келеді…

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ерекше жандар үшін естен кетпес сияпатты іздеу кезінде естелік сыйлықтардың ортасына түстім. “Мастерская праздника” дүкенінің шеберлері Жаңа жылға арнап өз қолдарымен түрлі бұйымдарды әзірлепті. Түрлі-түсті әшекейлермен безендірілген шағын шыршалар, кәмпиттерден жасалған торттар мен ойыншықтардан жасалған гүл шоқтары, билеп тұрған бұйрабас ағаштар көзді бірден жаулап алды. Оның барлығы – да Анна Сорока мен Светлана Марченконың төл туындылары.

– Біздің қыздар шетінен шебер. Светлана Марченконың жасанды торттары мен гүл шоқтарына, есімдер жазылатын жастықшаларға сұраныс көп. Негізінен туған күн кештері, сәбидің дүниеге келуі, үйлену тойлары кезінде тапсырыс беріледі. Ал шырша жасаумен жақында айналыса бастадық. Жаңа жылдың алдында бұл бұйымдарға қызығушылардың да қарасы аз емес. Үйдің интерьеріне сән беріп тұратын бұйымдарды негізінен талғамы жоғары жандар бағалайды, – дейді Анна Сорока.  

Бір шыршаны жасауға шамамен жарты күн уақыт жұмсалатын көрінеді. Ішкі конус картон қағаздан, сырты сизаль, абака деп аталатын материалдан жасалады да, ұсақ тастармен, ойыншықтармен әшекейленеді. Мұндай бұйымдар 1500-5000 теңге тұрады екен. Ал моншақтармен және гүлдермен көмкерілген бұйра ағаштардың астыңғы жағында ине сауыт пен жіп қоятын орын бар. Қолы епсекті қыз-келіншектерге таптырмас сыйлық. Мен де көп сыйлықтың бірін таңдап, оны Жаңа жылдың кешінде тарту етіп, жақынымның қуанышына куә болмаққа ұйғардым.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp