«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС АКРОБАТ СПОРТ ШЕБЕРІ АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы бірінші жалпы білім беру лицейінде жергілікті акробатшылар Денис Никитин мен Мағжан Бауыржанға спорт шебері атағы берілді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Салтанатты шарада сөз алған облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин жас спортшыларды құттықтап, оларға төсбелгі мен тиісті куәлікті салтанатты түрде табыстады.

Ал содан соң оқу ордасының директоры Елена Коноплева, дзюдодан ҚР мемлекеттік бапкері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Ержан Байжұманов және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева балғын спортшыларға ақ тілектерін арнап, спортта толағай жетістіктерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.

Спорттық сайыстарда өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындардан көрініп жүрген Денис Никитин мен Мағжан Бауыржанның есімдері спортсүйер қала тұрғындарына жақсы таныс. Егер Денис М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті болса, Мағжан – бірінші жалпы білім беру лицейінің оқушысы. Бесалты жастарынан бастап акробатикаға ден қойған жас акробатшылардың бұған дейінгі жетістіктерін атап өтер болсақ, олар жақында Павлодар қаласында юниорлар арасында спорттық акробатикадан өткен ел чемпионатында да, Қарағандыдағы спорттық акробатикадан халықаралық турнирде де, “Иртышские зори” халықаралық турнирінде де екінші орынға көтерілген еді.

Қос өрен – акробатикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Бәсекелі додаларға Андрей Ямпольский бастаған жаттықтырушылар құрамының қарамағында дайындалады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp