Жуырда Көкшетау қаласында “Абылай ханның 300 жылдығы және Тәуелсіздік” тақырыбына арналған ақындар айтысы өтті. Оған Астана, Павлодар, Петропавл және Көкшетау қалаларынан 8 үміткер қатысты.
Аймақтық айтыс додасында өңіріміздің намысын Жарқын Жұпархан қорғады. Ол қарсыласы көкшетаулық Азамат Қожановпен айтысып, екінші орынды иеленді. Бас жүлде айтыс өнерінде шеберлігі шыңдалып үлгерген павлодарлық Аспамбет Шұғатовқа бұйырды.
(Өз тілшімізден).