«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАУЛАҒАН АВТОКӨЛІКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Асхат ЕРЖАНОВ,

ТЖД Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының

аға тергеушісі.

Соңғы кездері облысымызда автокөліктердің өртенуі көбейіп барады. Жыл басынан бері сондай 61 өрт болып, одан 27 млн. 434 мың теңгенің материалдық шығыны келді.

18 желтоқсан күні Петропавлдағы Мамлютка тас жолында “MAN-Т03” жүк автомобилінен өрт шықты. От кабинаның жылу және шуыл оқшаулағышын және электр сымдарының бір бөлігін бүлдірді. Одан зардап шеккен адам жоқ. Осындай оқиға Ақжар ауданындағы Ленинград ауылында да тіркелді. Өрт “ВАЗ-21011” автомобилін жарамсыз етті.

Өртке көбіне электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болады.  

Бұл жағдайда машина 5-10 минутта толығымен жанып кетеді, сондықтан оны алғашқы сәтінде жою негізгі фактор саналады.

Машинадан шыққан өртті сөндіруге тек өрт сөндіргішті ғана пайдаланған жөн. Оны от ошағына қарай бағыттаған тиімді. Жалынды брезентпен, құммен, топырақпен “тұншықтыруға”, сумен сөндіруге де болады.

Әр машинада жұмыс істейтін және пайдалану мерзімі өтпеген өрт сөндіргіш болуы керек. Автомобильдің электр желілері мен басқа да бөліктерін жиі қарап отыру да өрттің алдын алуға жағдай жасайды.

Облыстық ТЖ жөніндегі департамент барлық жүргізушілердің өз автомобильдеріне қырағы және мұқият бола түсуін тағы да еске салады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp