«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАБАҚША КӨБЕЙІП, кезек қысқара түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Биыл балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудың 2010-2014 жылдарға арналған “Балапан” бағдарламасы бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. Осы бағыттағы өтіп бара жатқан жылдың елеулі табыстарының қатарында облыс әкімі Самат Ескендіровтің бастамасымен Петропавлдағы бұрынғы үш балабақша ғимаратының қайтадан коммуналдық меншікке беріліп, жаңғыртылып, жөндеуден өткеннен кейін ежелгі мақсатты қызметтеріне сәйкес бөбектерге есігін айқара ашып отырғанын айтуға болады.  

Солардың ішінде бұрын “Ивушка” балабақшасы болған, одан кейін ұзақ жыл Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 9-шы оқу корпусы ретінде пайдаланылған ғимарат 280 орындық “Балдырған” балабақшасы болып қайта құрылса, “Сана” педагогикалық колледжінің коммуналдық меншікке қайтарылған бір ғимаратында – 64 орындық “Алпамыс” және қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі босатқан үйде 80 орындық “Балауса” балалар бақшасы ашылып отыр. Олардың алғашқы екеуі Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында пайдалануға берілсе, “Балауса” балабақшасы ертең іске қосылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp