«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАҢЫЗДЫҢ КӨҢІЛІН ҚИМАЙ, пиротехникалық бұйым алам десеңіз…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлсария ӘБІЛМӘЖІНОВА,

ТЖД Мемлекеттік бақылау басқармасының

бас маманы.

Барлық балалар мен ересектер тосын сый жасалатын жаңажылдық мерекені жақсы көреді. Үлкендер таңғажайып болу үшін оған мұқият дайындалу керек екенін де естерінен шығармайды. Алайда, қарапайым немқұрайдылық пен асығыстық қуанышты жағдай мен мерекелік көңіл күйді бұзып жіберуі мүмкін екендігін әрдайым ескере бермейді.

Жаңажылдық мереке кезінде өрт пен онда қаза болғандар санының күрт өсетіндігін көп жылғы тәжірибе көрсетіп отыр. Ол көбіне азаматтардың психологиялық көңіл күйіне байланысты болады: осы кезеңде жұмыс уақытында жиналып қалған күйзелістен арылу үшін өздерінің қырағылығы мен назарын біршама бәсеңдетіп алады. Осы уақытта отшашу, зымыран, бұрқақ, бенгал оттары сияқты пиротехникалық заттарды жергілікті тұрғындар барынша көп пайдаланады. Бәрі де орынды сияқты, дегенмен көп жағдайда сапасыз петардалар мен ондай ойыншықтарды дұрыс пайдаланбау Жаңа жылдың шырқын бұзып жатады.

Қазіргі балаларды таңғалдыру оңай емес. Сондықтан қамкөңіл  ата-аналар мереке қарсаңында лайықты сыйлықтар іздеп, сергелдеңге түседі. Сөйтіп жүріп шартылдақ, петарда және шағын отшашулар салынған әдемі қораптарды кездестіреді, ал олардың нұсқауы негізінен қытай немесе ағылшын тілінде жазылған болып келеді. Сондықтан өзіміздің ішкі түйсігімізге қарай әрекет етуге тура келеді. Дегенмен, мереке қайғылы болмауы, ал Жаңа жыл тек бақыт пен қуаныш әкелуі үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет: гүл алқалары мен пиротехникаларды қауіпсіздік сертификаты бар арнайы дүкеннен ғана сатып алыңыз; арзандатылған және бүлінген пиротехникалар болмауға тиіс. Пиротехникалық заттарды пайдаланар алдында нұсқаумен мұқият танысыңыз; кәдеге жаратуға арналған нұсқауды орындаңыз; зымырандарды, петардалар мен басқа да пиротехникаларды балалардың ұшыруына жол бермеңіз; оларды тек көшеде, ашық алаңдарда, үйден және адамдар тобынан қашық жерде пайдаланыңыз. Үйден шығар кезде пәтеріңізді көршілеріңізге немесе туыстарыңызға тапсырып кетіңіз, алкогольді ішімдікті көп ішпеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, сіріңке мен шақпақты балалардың қолы жетпейтін жерге тығып қойыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp