Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласының “Береке” шағын ауданында жас отбасыларға “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті.
Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.
75 пәтерлік бұл баспана – жас отбасыларға арналған алғашқы тұрғын үй. Бұған қоса жас отбасыларға облыс орталығында 7 көппәтерлі жалгерлік-коммуналдық үй салынуда.
Сонымен өңірімізде “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілтін алғандар саны жыл соңына дейін 1252-ге жетеді.