«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖИҺАЗЫН ЖҰРТ ҰНАТҚАН “Макаров және К” кәсіпорны – республикалық көрменің жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқау-көрмесінің қорытындысы бойынша Петропавл қаласындағы жеке кәсіпкер “Макаров және К” кәсіпорны “Тұрғындарға арналған үздік тауарлар” аталымында жеңіске жетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2010 жылы да осындай байқауға қатысып, онда екінші орынды қанағат тұтқан жеке кәсіпкер Жаңа жыл қарсаңындағы мұндай үлкен жеңісті өзі де күтпесе керек.

 – Көрмеде жеңіп шығу ойымызда да болған жоқ. Кәсіптің бұл саласында бәсекелестер өте көп. Қазақстан жиһаз жасаушылары арасында алғашқы ондыққа енудің өзі абырой. Ал оның көш басынан шықсаң, қалай қуанбасқа?! Көрмені аралап, ондағы тауарларға өз бағасын берген Президент біздің жиһаздарымызға қатысты оның қарапайым адамдарға арналғанына және қолжетімділігіне ерекше назар аударды. Бізді жеңіс тұғырына көтерген Елбасының берген осы бағасы екені сөзсіз. Сөйтіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан қыран құсты алтын медаль алу бақытына ие болдым, – дейді Валерий Евгеньевич Макаров.

Кәсіпкер осы жолы балалар төсағашын ғана көрсеткендерін айтады. Кәсіпорында шығарылатын басқа өнім түрлері көрмеде буклеттер мен фотосуреттер түрінде көрсетілген. Президенттің өзі көңіл аударғанындай, көрмедегі нелер қымбат, асыл тастарға дейін қолданылған жарқыраған жиһаздардың ішінде бұлардың апарған балалар төсағашы қораш көрінбеген, қайта қарапайым болса да, тұрмысқа қолайлығымен көзге түскен.  

Өндірісте 15 жылдық мол тәжірибесі бар кәсіпорын жиһаз жасауға негізінен отандық материалдарды пайдалануға тырысады. ДСП тақтайшаларын Қостанайдан, ал матаны Алматы және Қарағанды қалаларынан алады. Сондай-ақ жергілікті қарағай және қайың өнімдерін де өндірісте кеңінен қолданады. Кәсіпорында тұрғындардың тұрмысына қажетті жиһаздардың көптеген түрлері шығарылады. Уақыт талабынан қалыспай, олардың модельдері мен түрлерін жаңғыртып, жетілдіріп отыруға айрықша мән беріледі. Сондықтан кәсіпорын өнімдерінің өтімділігі де жақсы. Өздерінің үлкен “Комфорт” жиһаз дүкені бар. Сонымен бірге көтерме сауда ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс жүргізеді. Соңғы кездері кәсіпорын жиһаздарына Ресейдің көрші облыстарының тұтынушылары да қызығушылық танытуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp