«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЭО-да – ЖАҢА ТУРБИНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап Петропавл қаласының №2 жылу-электр орталығында жаңа турбина өз жұмысын бастады. 

Александр СЕМЕНЧУК,

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Кәсіпорынның қайта құру және техникалық жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа турбоагрегат жоспарланған болатын. 2012 жылдың ақпанына бастап қолға алынған бұл жұмыс тиянақты және орынды атқарылып, бүгінде құрал-жабдықтарының тозығы жетіп тұрған кәсіпорын үшін көз қуантатын үлкен жаңашылдық болды. Бұл – Т-50/60-90 үлгідегі жаңа турбина. Аталмыш құрылғы Ресейдің Уралскідегі зауытынан алдырылды.

Турбина электр және жылу энергиясын бір уақытта өндіре алатындығымен құнды. Энергетиктердің айтуынша, жаңа турбина орнатылған стансаның электр қуаты 50 МВт-қа өсіп, өнімділік 397 МВт-ны құраған. Ал жылу қуаты 96 Гкал/са-ғатқа өсіп, 874,8 Гкал/сағ. болды. Алдағы жылы кәсіпорынның қуаты 388,8 млн. кВт/сағ. болады деп күтілуде.  

Жаңа турбина электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға, станса жұмысының тиімділігі және сенімділігін арттыруға, турбоқондырғылардың тозығын 10 пайызға кемітуге, сонымен бірге экологиялық тазалықты сақтауға үлкен мүмкіндік береді. Жылына көмірдің 63,7 мың тоннасы үнемделетін болады. Сонымен қатар жаңа турбоагрегатта қызмет көрсету үшін 2 жұмыс орны ашылды.

Компания алдағы жылдары №1 пен №5 турбоагрегаттарды және №1,№2,№3 қазандықтарды ауыстыруды жоспарлап отыр. Осы жұмыстармен 2015 жылға дейін компанияның инвестициялық жаңғырту шаралары 35-40 пайызға орындалса, заманауи және тиімді құрал-жабдықтарға қол жеткізген станса жұмысының сенімділік коэффиеценті 97 пайызды құрайтын болады.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp