«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕМІС ЭТНОБІРЛЕСТІГІ Рождество мерекесін тойлады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұрнағы күні Достық үйінде Рождество мерекесіне арналған шара өтті. Жылдағы дәстүрлерінен таймаған өңіріміздегі “Видергебурт” неміс этнобірлестігі мен “Возрождение” Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігі жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Сахна Рождествоны тойлау дәстүрі бойынша безендіріліп, періштелердің мүсіндері, жұлдыздар, қоңыраулар ілінді. Сондай-ақ сахна төріне безендірілген шырша орнатылып, оның алдына рождестволық гүлтәж және 4 шырақ қойылған.

Немістер Рождество мерекесін тойлауды 4 апта бұрын бастайды екен. Ол күндерді Advent деп атайды. Ал 4 шырақ апталардың әр жексенбісі күні жағылатын көрінеді. “Видергебурт” неміс этнобірлестігінің бұл дәстүрлерді өз әдет-ғұрыптарымен таныстыру және жастарға насихаттау үшін көрсетті. Мерекелік шара барысында немістің рождестволық әндері шырқалып, аталмыш этнобірлестіктің өкілдері өз өнерлерін көрсетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp