«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАТ АҒЫМДАР ЖЕТЕГІНЕ ЕРМЕЙІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың төрағалы-ғымен өткен облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында өңірдегі діни ахуал сөз болып, биылғы атқарылған жұмыс қорытындыланды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жыл басынан бері өңірімізде дін туралы заңнамаға қайшы 35 заң бұзушылық тіркелген. Ел ішіне іріткі салмақ болған 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз миссионерлікпен айналысудың 21 фактісі әшкереленіпті. Ол жайында ІІД Діни экстремизммен күрес жөніндегі бөлімінің бастығы Қанат Әмрин мәлімдеді.

Ал экстремистік және лаңкестік бағыттағы іс-әрекеттерге барған 20 адам өңіріміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Мақсұт Жолмағанбетовтың айтуынша, олардың 14-і экстремистік және лаңкестік қылмыс жасаған. Бұл санаттағы сотталғандар өзге жазасын өтеушілерден оқшаулатылыпты.

Кеңес отырысында Ғ. Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандары әкімдерінің орынбасарлары конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында жергілікті жерде атқарылған іс-шаралар жайында хабарламалар жасады. Аудандардағы жағдай қалыпты. Алдағы жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ.

Облысымызда түрлі конфессия өкілдеріне қатар өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай жасалған. Тек кейбір жат діни ұйымдар қоғам мен мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруде. СҚО Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнуллин “Иегово куәгерлері”, “Благодать”, “Табиғи жамағат” сияқты діни ұйымдар заңға қайшы іс-әрекеттерін жүзеге асыруды тоқтатпай отырғанын жеткізіп, өңір жұртшылығын жат ағымдардан сақ болуға шақырды.

Жиын соңында кеңестің алдағы жылға арналған жоспары талқыланды. Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов өңірдің діни тұрақтылығын сақтауда биылғы жылы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы жылы да бұл бағытта жұмыла еңбек етіп, еліміздегі дінаралық татулықты нығайта түсейік деген тілегін жеткізді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp