«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫРШАНЫ ШЫР АЙНАЛҒАН БҮЛДІРШІНДЕР сыйлықтарға кенелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде 7 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан “АДОН -Север” қоғамдық бірлестігі өзінің тәрбиеленушілеріне арнап жаңажылдық мереке ұйымдастырды. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Ұл-қыздар Петропавлдағы “Қызылжар” мейрамханасына жиналды. Түлкі, сиқыршы, қуыршақ, перизат және тағы басқа карнавалдық костюмдер киген бүлдіршіндер бұл мерекені асыға күткендерін айтады. Әсіресе, Владимир Гришин. Жасы 17-ге толса да, әлі де жаңажылдық таңғажайып оқиғаларға сенетіндігін айтады. Таңғажайыпқа сенетін бүлдіршіндер бұл іс-шараға молынан жиналыпты. Қоғамдық бірлестік мерекеге 100-ден астам адамды шақырған екен. Оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін қоғамдық бірлестіктің жанындағы орталықта тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі балалардың көмегімен ұстаздар қойылымдар сахналап, концерттік бағдарлама ұйымдастырған. Алдымен “Морозко” ертегісінің желісі бойынша шағын қойылым сахналап, балалармен ойындар өткізді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды шығармашылыққа, спортқа баулу мақсатында құрылған. Бірлестік әр мерекені балалармен бірге өткізеді. Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері мұндай іс-шаралардан мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамға бейімделіп, шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндік туады дейді. Шыныменен-ақ, жаңажылдық іс-шарада көрсетілген қойылымның костюмдерін балалар өз қолдарымен тігіп, шыршаға ілінетін түрлі ойыншықтарды да өздері жасаған екен.  

“Қазіргі таңда қоғамдық бірлестіктің қарамағында 70-тен астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің ата-аналарымен келіп отыр. Олардың барлығына демеушілердің көмегімен сатып алынған жаңажылдық сыйлықтар табысталды”, – деді “АДОН-Север” қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Колмогорова.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp