Гүлбике КУБЕНОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
“Солтүстік Қазақстан”.
Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жылқы жылы өзімен бірге көп жақсылықты ала келуі мүмкін деседі жұлдызшылар. Дегенмен де, қазақ халқы үшін жылдың жаманы жоқ. Бұрынғы заман-нан бері ата-бабаларымыз әр жылдың қандай болатынын өзінше болжаған.
Сонымен:
Тышқан жылы – тыныштық;
Сиыр жылы – сыйлық;
Барыс жылы – бірлік;
Қоян жылы – қамбалы;
Ұлу жылы – үлгілі;
Жылан жылы – жайлы;
Жылқы жылы – жұтсыз;
Қой жылы – құтты;
Мешін жылы – мерейлі;
Тауық жылы – табысты;
Ит жылы – игілік;
Доңыз жылы дүниелі болмақ.