«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Баршамызға сүйікті әрі шын мәніндегі отбасылық мереке – Жаңа жыл жақындап қалды.

Ол әрқашан біздің ежелгі жоспарларымыз бен тілектеріміз орындалады, жаңаруға және жетістіктерге жетуге деген үмітімізбен ұштасып жатады.

Жаңа жыл – әдетте қорытынды шығаратын, өткенді пайымдайтын және болашаққа жоспар жасайтын кезең.

2013 жыл еліміз үшін жетістіктер тарихының тағы бір ұмытылмас парағына айналды деуге бізде бүкіл негіз бар.

Өзінің Тәуелсіздігінің 22 жылдығын атап өткен Қазақстан экономикасы дамуының жоғары қарқынын және азаматтарының әл-ауқатының ұдайы өскендігін көрсетіп отырған, бұрынғыдан да қуатты және мықты мемлекетке айналды.

Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық болашаққа сеніммен қарайды, өзінің елін және өзінің Президентін мақтан тұтады.

Бұл жыл Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты маңызды да тағдырлы Жолдауын жүзеге асырудың басталуымен әйгілі.

Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты мақсат – 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену.

Осы өршіл де биік мақсатқа қол жеткізуде облысымыз айтарлықтай үлес қосады деп сенемін! Бұл үшін бізде қажет нәрсенің бәрі және ең бастысы – талантты, еңбекке қабілетті, жандарына немқұрайдылық жат адамдар бар.

Тарих қойнауына сүңгіген 2013 жыл әрқайсымыз үшін ерекше болды. Әркімге өзінше қымбат. Бұл жыл оқиғаларға бай болды, олар бүкіл солтүстікқазақстандықтарды біріктіріп, әрбір шаңыраққа шуақ шашты. Бұл – жұмысымыз, отбасымыз, қам-қарекеттеріміз, бұл – қол жеткізген жетістіктеріміз, болашаққа арналған біріккен жоспарларымыз.

Өңіріміз жыл сайын барлық салада көрсеткіштерін жақсартып келеді. Өнеркәсіп пен сауда дамуда, жаңа әлеуметтік нысандар ашылуда.

Біз облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі үлкен жұмысты жалғастырдық. Астықтан жақсы өнім алу нәтижесінде “Республиканың басты астықты өңірі” деген құрметті атағымызды кезекті рет айғақтадық.

Мен пәрменді қолдауы, жасампаз еңбегі, сүйіспеншілігі және туған өлкенің тағдырына немқұрайдылық танытпағаны үшін Солтүстік Қазақстан облысының әрбір тұрғынына ризашылығымды білдіргім келеді.

Қымбатты жерлестер!

Қол жеткізгеннің барлығы – Сіздердің еңбектеріңіздің және мақсат-керліктеріңіздің нәтижесі. Біздің баршамызды өңірімізді дәулетті, әсем де абат етуге деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Балаларымыз дәулетті, қауіпсіз және өркендеген елде, қарияларын құрметтейтін, жаңа мақсатқа қол жеткізуге ұмтылып отырған көпэтносты халқымыздың дәстүрлерін сақтайтын елде өсіп, өмір сүрулері үшін не істесек те, бәрін солар үшін жасау үстіндеміз.

Жаңа 2014 жыл 2013 жылдың эстафетасын қабылдап, жарқын идеялар, ізгі өзгерістер және айтулы оқиғалар жылына айналғай!

Ол әрбір шаңыраққа, әрбір отбасыға татулық пен келісім дарытып, амандық-саулық пен қуанышқа бөлесін, сәттілікке толы болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp