«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ – БАЛАБАҚША

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс орталығындағы бұрынғы балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, “Балауса” атауымен бүлдіршіндерге қайтарылды. Жаңғыртылған балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мемлекеттік тілдегі жаңа тәрбие ошағы 80 балаға шақталған. Балабақшадан орын тиген балғындардың ата-аналары, білім беру саласының қызметкерлері жиналған салтанатты шарада өңір басшысы Самат Сапарбекұлы құттықтау сөз сөйледі.

– Елбасының “Балапан” бағдарламасын жүзеге асыруда тағы бір қадам алға бастық. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында да жаңа орындар ашқан болатынбыз. Баршаңызды жаңа балабақшаның ашылуымен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жыл әрбір отбасына құт-береке әкеліп, бүлдіршіндер білімді, тәрбиелі болып ержетсін! Ал біз өз тарапымыздан оларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуде барлық жағдайды жасайтын боламыз, – деген өңір басшысы қалыптасқан дәстүр бойынша байғазы ретінде бүлдіршіндерге арналған пианино сертификатын балабақша меңгерушісі Балғын Мусинаға табыс етті.  Ата-аналардың атынан сөз алған Әсем Қабдолова облыс басшылығының қамқорлығына алғысын білдірді.

Балабақшаның ашылу рәсімі лентасын Самат Сапарбекұлы мен ұстаздық еңбектің ардагері Уәзипа Құлыбекова қиды. Одан кейін өңір басшысы балабақшаны аралап көріп, оның жабдықталуына көңілі толатынын білдірді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp