«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ – ХОККЕЙ АЛАҢЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Самат Ескендіров хоккей спортымен шұғылданатын жасөспірімдерге де жаңажылдық тарту жасады. Облыс орталығындағы №23 орта мектептің жанындағы жаңа хоккей корты шайбалы хоккейден қалалық турнирмен ашылды.

Чемпионат алдында сөз алған Самат Ескендіров командаларға спортта да, білімде де жеңістер мен жетістіктер тілеп, алдағы уақытта облыс бойынша әрбір мектепте корттардың ашылатынын жеткізді.

Салтанатты шара кезінде “Тұлпар” балалар-жасөспірімдер клубының мүшелеріне сужаңа формалар табысталды. Содан кейін спорт ардагері, шайбалы хоккейден 1973 жылғы чемпион Борис Скатов сөз алып, жаңа хоккей корты үшін өңір басшысына алғысын білдіріп, бұл игі шара облыс орталығындағы хоккей спортының жандануының бастамасы болатынын жеткізді. Турнир шымылдығын “Қайсар” және “Восход” командаларының ойыны ашты.  

  Суреттреді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp