Көкшетау қаласында грек-рим күресінің балуандары Жаңа жыл қарсаңында республикалық, қалааралық жарыста боз кілемде шеберлік сынағына түсті. Бұл жарыс балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде жаттығатын жас балуандардың арасында өтті.
Біздің өңірдің намысын қорғағандардың арасында Петропавлдағы №40 мектепте оқитын үш жас балуан олжалы болды. Олар – танымал жаттықтырушы Василий Левчуктың шәкірттері. Үшеуі де жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, ағайынды Пилипенколардың бірі – Денис 47 килограмм салмақта бас жүлдені жеңіп алса, Андрей 29 килограмда бәске түсіп, күміс алқаны тақты. 35 килограмда күрескен Юрий Данилов та нақ осындай мерейге бөленді.