ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №1403 қаулысымен 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға арттырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Үкімет қаулысына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын, зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізіледі.
Қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.