Облыс орталығындағы Достық үйінде Жаңа жыл мерекесіне арналған концерт өтті. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мен “Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымдастығы” ҚБ-нің ұйымдастыруымен өткен шарада аталмыш этнобірлестіктің мүшелері өз өнерлерін көрсетті.
– Жаңа жыл мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Көздеген мақсатымыз – келген көрерменге көтеріңкі көңіл күйін сыйлау, – дейді “Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымдастығы” ҚБ филиалының төрағасы Виктор Сайко.
Қоғамдық бірлестік мүшелері ән шырқап, би орындап, сахнаның сәнін келтірді. Ал залда отырған аға буын мен жастар қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.
(Өз тілшімізден).
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.