Динара САҒЫНДЫҚОВА,
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Жыл сайынғы дәстүрін жалғастыра отыра, биыл да СҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Евгений Лайков полиция ғимараты маңында Аяз ата мен Ақшақардың мүсіндерін орнатты.
Жаңажылдық кейіпкерлер бұрын да осы маңның көркін ашып тұратын. Биыл автор олардың қатарына көк жылқыны қосқан. “Жыл сайын балаларға арнап қардан мүсіндер жасау игі дәстүрге айналып кетті. Биыл уақыт өте аз болды, өйткені желтоқсанның аяғына дейін іссапарда жүрдім. Дегенмен де, балалардың көңілін ойлап, келе сала, мүсіндерді жасауға кірістім”, – дейді старшина Евгений Лайков.
Күндіз – жұмыс, сондықтан Евгений түнгі уақытқа дейін қолынан пышағы мен қол арасын тастамай, мүсіндерін балалардың таңертеңгілігіне дейін аяқтауға асығыпты. Осылайша полицей бес жыл қатарынан балаларға қуаныш сыйлап келеді.