«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛШЫҚТА БАР ҚАРЫНДАС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ибрай ИЛЬЯСОВ.

Талшықта бар қарындас,

Сөз таппаймын теңерге.

Есімі оның – Қалимаш,

Білгің келсе егер де.

Асау “темір тұлпарға”

Құмар болып жасынан,

Бәйге бермей ұлдарға,

Мерейі сан тасыған.

 

Жүректегі жалынын

Лаулатқан жан осылай.

“К-700” алыбың –

Қалимаштың досындай.

Күлімдейді жанары,

Тракторын көргенде.

Сағынып кең даланы,

Тұрады ару өркеуде.

Қыста қарды тоқтатып,

Көктемде дән себеді.

Ерте тұрып, кеш жатып,

Жұмысқа өзін жегеді.

Жазда егіні жайқалған

Талшықтың кең даласы –

Беттен сүйіп, айналған

Екінші оның анасы.

Ескеріп ел тілегін,

Бұл Қалимаш жыл сайын,

Сыбанып ақ білегін,

Қарсы алады жаз айын.

Далада шөп шабады,

Жұрттың арнап малына.

Содан ләззат табады

Еңбексүйгіш жанына.

Талшықта бар қарындас

Өмірі – елге өнеге.

Ондай жандар табылмас,

Мақтамайын мен неге?!

Автордан: Қалимаш Махметова 1949 жылы дүниеге келген. 1973 жылы тракторшылық курс бітіріп, еңбек жолын механизатор болып бастаған. Көбіне “К-700” тракторында істеген. 2004 жылы зейнет демалысына шықса да, күні бүгінге дейін еңбектен қолын үзбеген жан. Көктем туысымен тұқым сеуіп, жаз шыққанда шөп шауып, Талшық ауылы тұрғындарының қораларындағы малына қысқы азық дайындаумен айналысады. Өзі құрған пішен дайындаушылар бригадасында 10 адамды жұмыспен қамтиды.

64 жасқа келсе де, Қалимаш қарындасым әлі қажуды білмейді. Ол – өзі өсіріп, ер жеткізген 4 баласынан көрген немерелерінің сүйікті әжесі және тәрбиешісі.

  Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp