«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАНЫМЫ МОЛ ТУЫНДЫ оқырман талғамына сай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жақсы кітап – жан азығы” деп тегін айтпайды ғой. Жаңа жылдың ақ таңы тап босағадан аттарда белгілі журналист, Президент гранты мен Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Жақсыбай Самраттың “Жылдар жылжып барады…” атты кітабы қолыма тиді.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Үш бөлімнен тұратын туындының қадір-қасиеті оның кестелі көркем тілмен жазылғандығында ғана емес, тұғыры бөлек тұлғалардың бұрыннан белгілі қырларынан әдемі сыр шертіп, ойлануыңа, оқиғаларға көз жіберуіңе жол салатын тартымдылығында.

“Қилы-қилы тағдырлар, қызықты оқиғалар” деп аталатын бірінші бөлімде журналистің қолтаңбасы айқын. “Адамзаттың Айтматовы” атанған Шыңғыс Айтматовпен сұхбаттан бастап, Ғабит Мүсірепов, Әнуар Әлімжанов жайлы аз, алайда мәз жазылған хикаяттары, академик Жабайхан Әбділдинмен, белгілі тарихшы жерлесіміз Бүркітбай Аяғанмен әңгімесі, қайраткер, қаламгер марқұм Мәлік Мұқанов туралы естелігі, ұлт, тіл тағдырын толғаған, қазақтың мәдениетін, өнерін пайымдаған мақалалары тартымды.

Қазақтың біртуар азаматы, мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшенов, есімі елімізге танылған жерлестеріміз Ғалым Малдыбаев, Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетов, Жақсылық Ысқақов, Құдайберген Қалиев, Сабыр Қасымов, журналист Ербол Шаймерденов, Қосыл Омаров, Сапар Дүйсенов және басқа тұлғалар жайындағы мақалалары “Жетелі істер тындырған жеке адамдар” деген екінші бөлімде орналасқан.

Кітапты “Қызылжар – менің арманым” деген үшінші бөлім тамамдайды. Онда қаламыздың кезінде осылайша аталуының тарихи деректері баяндалады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp