«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРТІНШІ МӘРТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық спортшылар Ақсу қаласында гір көтеру спортынан өткен ел кубогының төртінші мәрте жеңімпазы атанды.

16 жерлесіміз жеңістің биік сатысына көтерілсе, қостанайлықтар мен павлодарлықтар екінші және үшінші орындардан көрінді.  

Жерлес спортшылар Елена Костенко (58 кг.) мен Виталий Диденко (95+ кг.) алтын медальға қол жеткізіп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал Наталья Нохрина (58 кг.), Александр Лузан (63 кг.) және Михаил Вологодский (85 кг.) күміс медаль еншіледі. Қолаға қол жеткізгендердің қатарынан Сергей Басов (68 кг.) пен Радик Арсланов (73 кг.) көріне білді.

Сайыс барысында гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері Василий Гутевич пен Александр Евсеев спорт шебері нормативін орындады.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp