Түріне, күтімі мен өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы шамамен 25-30 жыл өмір сүреді екен. Кей кездері кейбірінің жасы 40-тан асады. Тарихи деректерге үңілсек, ХІХ ғасырда Ескі Билли деген ат 62 жыл жер басып, ең көп жасаған жануар ретінде есте қалған. Қазіргі заман аттарының арасында Шуга Пафф есімді құлан 2007 жылы 56 жасында Гиннесс кітабына енген.
Қазақ халқы Қамбар ата төлдерін былай бөледі: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын), тай (1 жастан асқан жылқы). Бұдан әрі ұрғашы жылқыны, яғни байталды құнажын байтал (2 жастан асқан), дөнежін шығар (3 жастағы байтал), дөнежін байтал (3 жастан асқан), бесті бие (4 жастан асқан), қасабалы бие (7-8 жастағы бие), кәртамыс бие (11-14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан асқан бие) деп атайды. Ал айғырдың атаулары былай: құнан айғыр (2 жастан асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3-4 жастағы үйірге салынбағаны), бесті айғыр (5 жастағысы) және сақа айғыр (11-12 жастағысы).
Материал Интернет мәліметтері негізінде әзірленді.