«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТРОБОЛЖАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқты

Тоқты үшін Жылқы жылы қызықты әрі жайлы жағдай туғызады. Олар әр уақыт жұртшылықтың назарында болады. Жақсы мінезіңіздің арқасында көп нәрсеге қол жеткізесіз. Алайда, кей сәттерде әлсіз тұстарыңыз да сыр беріп қалады. Мәселен, тәкаппарлығыңыз үшін Сізге қажетті адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Жылқы жылы Сізге табысты, еркін және бақытты болуға көмекке келуі тиіс. Ол үшін болашаққа жоспар құрып, барлық ісіңізді ретретімен орындауға тырысыңыз.

Торпақ

Ұзақ күте білу қабілетіңіз Сізді ағат қылықтардан сақтайды. Бұл жыл Сіз үшін өте қолайлы болмақ, бақытты сәтіңізді жіберіп алмас үшін өз интуицияңыз бен Алланың көмегіне сеніңіз. Интуиция идеяны, шешім мен адамдарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Дегенмен де осы жылы жалғыздық қасіретін шегуіңіз және сүйіктіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Сол себепті кез келген дауды ымыраласу жолымен шешуге тырысыңыз.

Егіздер

Жылқы жылы сүйіктіңізге көп уақыт бөлген жағдайда Сізге махаббат турасында бас қатырудың қажеті шамалы болмақ. Іш пыстыратын адамдармен байланыста боласыз, дегенмен дәртті махаббатты басыңыздан кешудің сәті түседі. Жылқы жылы Сіздің болашаққа ұзақмерзімді жоспар құруыңызды талап етеді.

Шаян

Жыл бойына Сізді серіктесім, әріптесім немесе сүйіктім алдап жүрген жоқ па деген сауал жиі мазалайтын болады. Егер өз ойыңыз бен сезіміңізді ашық және әсерлі жеткізе білсеңіз, онда адалдық жайындағы арманыңыз орындалады. Алаяқтық, өтірік айту, ұрлық сияқты ауыр қателіктер жіберіп алмасаңыз, онда Жаңа жыл табысты болмақ. Махаббат майданында сүйіктіңізді тауып, тәтті сезімге бөленесіз.

Арыстан

Сіздің жеке өміріңіз қалыпты өтеді деп болжануда. Сіз шынайы болмыстан амал тауып, жалтара аласыз. Жеке патшалығыңызда өзіңізді жайлы сезінесіз, алайда біреулер оған кіруге талпынса, мазасыздық танытудың қажеті жоқ. 2014 жыл Сіз үшін нағыз сынақ болар өзгерістерге толы. Оларға төтеп беру үшін жылында кіммен қалатыныңызды, кімді жақсы көретініңізді және кімге сене алатыныңызды шешіп алуыңыз керек. Сол адамдармен жыл бойына қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.

Бикеш

Сіздің адалдығыңыз бен қамқорлығыңызға қарамастан, өзге адамдарды өзіңізге тарту қиынға соғады. Алайда, Жылқы жылы Сіз үшін жақсылықтар мен қуаныштарға толы болмақ. Біреуден көмек күтпеңіз, керісінше, өз тарапыңыздан мүдде танытып, тер төгуге тура келеді. Сонда ғана Жылқы жылы Сізге бар жақсылығын сыйлайды. Білім алуға қажеттілік туындайды. Өмірге деген жаңа көзқарас қызмет ауыстыруға, жаңа достар табуға жол ашады.

Таразы

Осыған дейін Сіз махаббатқа аз көңіл бөліп келдіңіз. Бірақ Жылқы жылында пайда болатын мүмкіндіктерді уақыты жеткен қолайлы жағдай деп біліңіз. Қоғамдағы беделіңіздің арқасында адамдармен тіл табысу жеңіл болады. Осы жылы армандаған адамыңыздың көңілін тез жаулап аласыз. Бұдан басқа Жылқы жылы Сізге өмірдегі ең басты мақсатты табуға, мүмкіншіліктеріңіз бен таланттарыңызды ашып, табысқа қол жеткізуге көмектеседі.

Сарышаян

Сарышаяндар табиғатынан ұстамды адамдар. Таңдаған адамыңызды ұзақ күте аласыз, оның көңілін зор біліміңізбен жаулап аласыз. Жылқы жылы діттеген мақсатыңызға жетуді тездетеді. Бұл жолдағы істеріңізді кейінге қалдырмаңыз. Керісінше, мақсатқа жетудің түрлі жолдарын қарастырыңыз. Егер Сізді, адал достар қоршаған болса, онда солардың көмегімен жақсы жетістіктерге қол жеткізесіз.

Мерген

Жылқы жылы – Сіз үшін жағымды жыл. Алайда, Сіз өз уақытыңызды қатты бағалайсыз, оны өзгелер үшін босқа жібергіңіз келмейді. Жалғыз қаламын деп қорықпайсыз, сол себепті осы жылы махаббатыңызды уысыңыздан шығарып алуыңыз мүмкін. Егер уақытыңызды өзіңізге ғана жұмсайтын болсаңыз, онда махаббатыңыз бен сүйіктіңізден айрылып қаласыз. Достардың, жақсы таныстардың болғаны ешкімге бөгет емес. Сондықтан жалғыз болудан гөрі қонаққа жиі барып, көп серуендеңіз, іскерлік кездесулер де артық етпейді.

Тауешкі

2014 жыл Сізге керемет мүмкіндіктерді сыйлағалы отыр. Бірақ оларды қажетке жарата аласыз ба – бұл Сіздің мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білуіңізге байланысты болады. Мұның өзі сүйіктіңізбен де байланысты болуы мүмкін. Қарым-қатынастарыңызды бұзғысы келетіндер пайда болады, егер дұрыс қадам жасамасаңыз, ғашығыңыздан айрылып қалу қаупі бар. Материалдық жағдайыңызды жақсартуда еш бөгет байқалмайды. Жылқы жылы – ақшаңызды көбейтіп, тұрмысыңызды жақсартатын кез.

Суқұйғыш

Биылғы жылы бар бос уақытыңызды отбасыға арнайсыз. Сүйіктіңіз бен балаларыңыз бұл жақсылығыңызға дән риза болады. Ғашығын іздегендер үшін де Жылқы жылы мүмкіншіліктер сыйлауға әзір. Басы бос жандар іс-сапарда сүйіктісін табуы әбден мүмкін. Сондықтан төрт қабырғада қамалып отырудың қажеті жоқ. Керісінше, көпшіліктің ортасына шығып, танысудан бас тартпаңыз.

 

Балықтар

Жылқы жылында мансаптық табыстарға жол ашылады. Ұжымда біліміңіз бен мүмкіншіліктеріңіздің арқасында бақ-дәулетіңіз арта түседі. Алдыңызға мақсат қойып, оны белгіленген жоспар негізінде жүзеге асыруға тырысыңыз. Ойланбай, қадам жасаудан аулақ болыңыз. Жылдың соңына қарай күтпеген сыйлыққа ие боласыз. Биыл қызықты кездесулер мен күтпеген танысулар көп болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp