«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДЫҢ ЖАС БАЛУАНДАРЫ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуле БАЯТИНА,

Айыртау ауданының Қарақамыс негізгі мектебінің мұғалімі.

Жас балуандардың қатысуымен Қызылжар ауданының Новокаменка ауылында болып өткен қазақ күресінен ашық біріншілікте Айыртау ауданы Қарақамыс негізгі мектебінің жас өрендері алдарына жан салмай, жеңістің биік тұғырынан көрінді. Айта кетсек, Айдын Қапсат 29 кг. салмақта – ІІІ орын, Амандық Зейнулин 32 кг. – І орын, Нариман Сүлейменов 35 кг. – ІІІ орын, Дамир Таутанов 38 кг. – ІІ орын, Дархан Алпыс 42 кг. – ІІІ орын, Даниял Өміртай 57 кг. ІІ орындардан көрінді.


Бұл жарыс өз мәресіне жете сала облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының “Балалар және жасөспірімдер” спорт мектептері мен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Қазақ күресінен” облыстың ашық біріншілігі өткен болатын. Бұл жарыста да Асқар Балтабайұлы тәрбиелейтін Қарақамыс негізгі мектебінің оқушылары жүлдегер атанды. 50 кг. салмақта белдескен Рахат Алпысов ІІІ орын иегері атанса, болашағынан зор үміт күттіретін Мадияр Есенов 42 кг. салмақта ІІ орынды қанағат тұтты. Боз кілем үстінде бірнеше белдесу өткізген Райымбек Алпысов пен Наурызбай Рустемов қарсыластарын айқын ұтып, өз салмақтарында жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Осындай жас дарындарды тәрбиелеуде Асқар Балтабайұлының еңбегі ерен. Шәкірт тәрбиелеуде өзінің біліктілігімен ерекшеленетін бапкердің еңбегі ескерусіз қалмады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу құрметіне байланысты, облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласып, жас жеткіншектерді саламатты өмірге тәрбиелеу саласында елеулі еңбек еткені үшін облыс әкімі Самат Ескендіровтің Алғыс хатымен марапатталды. Мұны талай жылдан бері ортамыздан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегерлерін ұшырған Асқар Балтабайұлының еңбегінің жемісі деп білеміз.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp