Петропавлдағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үйренуші-шәкірті Зайра Қатиянова Ақмола облысының Жақсы кентінде бокстан қыздар арасында өткен халықаралық турнирде күміс медальді олжалады.
Зайра 57 килограмм салмақта жұдырықтасады. Оны үш жылдан бері облысымызға белгілі бапкер Виктор Окаванцев жаттықтырып келеді. Он жеті жасар Зайра жасөспірім қыздар арасында ел құрамасына қабылдану үшін Жаңа жылда жаңа жетістіктерге даярлануда.