Владимир ХОЛОД.
Өскелең ұрпаққа спортқа деген қызығушылықты арттыру, саламатты өмір салтын насихаттауды көздеген спорттық шара барысында қатысушылар “Толқынды доп”, “Кім жылдам?”, “Өрмекші” ойындарында шапшаңдықтарын, ал футбол, баскетбол және хоккей ойындарында ептіліктерін көрсете білді.
Қазылардың қойған ұпайларының нәтижесі бойынша “Қызыл-Жар” жеңімпаз атанды. Ал “Достық” пен “Импульс” құрама командалары екінші және үшінші орындарды иеленді.
Балалардың бос уақытын тиімді өткізулеріне жағдай жасауды көздеген шара қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткендер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Суреті автордікі.