2014 жылғы 1 қазанда облыс тұрғындарының саны 572,9 мың адамды құрады, оның ішінде 242,6 мың адам (42,3%) қалалық жерде, 330,3 мың адам (57,7%) ауылдық жерде тұрады.
2014 жылдың 9 айында тұрғындардың табиғи өсімі 887 адам болды, ол 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,4% жоғары.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 6141 жаңа туған сәби тіркелді. Жаңа туғандардың 3179-ы – ұл бала, 2962-і – қыз балалар. Дүниеге келгендердің 2523-і (41,1%) – облыс орталығында туғандар.
Облыс бойынша туудың ең жоғары көрсеткіші Петропавл қаласына (1000 адамға шаққанда 16,1) және Жамбыл ауданына (15,1) тиесілі. Туудың ең төменгі көрсеткіші М.Жұмабаев (1000 адамға шаққанда 12,2 сәбиден) ауданында.
2014 жылы қаңтар-қыркүйекте қайтыс болғандар саны 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,3%-ға қысқарған. Облыс бойынша өлім-жітім коэффициенті 12,2 айырманы құрады.
Шарана кезіндегі өлім деңгейі 1000 сәбиге шаққанда 8,1 болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (10,6) төмен.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3488 неке тіркелді немесе 1000 адамға шаққанда 8,1. Өткен жылмен салыстырғанда 5,1% кем тіркелді.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1616 неке бұзу тіркелді, ол өткен жылғы көрсеткіштен 5,6%-ға жоғары.
Облыстық статистика департаменті.