1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.
Үстіміздегі жылдың сәуірінде аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметін сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететін республиканың макроэкономикалық көрсеткіштері:
СҚО Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2014 жылдың сәуір айында облыс бойынша инфляция 0,4%-ды құрады. (2013 жылдың сәуірінде – 0,3%). Инфляция көршi облыстарда: Ақмола – 0,7 пайызды, Қостанай – 0,4 пайызды, Павлодар 0,7 пайызды құрады.
Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 2013 жылғы 1 сәуірден бастап жылдық 5,5% деңгейінде белгіленді және осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалды.
2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 19 екінші деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 62 құрылымдық бөлімшелері құрайды.
Облыстың несиелік нарығы. Банктердің несиелік салымдарының жалпы көлемі 2014 жылдың 1 мамыр жағдайына 14,2 пайызға өсіп, 105,4 млрд. теңгеге артты. ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,86 құрады. Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің жалпы көлемі 32,9 млрд. теңгені құрады, 2,8 пайызға артумен. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 5,9 млрд. теңге келеді немесе берілген несиелердің жалпы көлемінің 17,9 пайызы. Үстіміздегі жылдың есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелері былтырғы жылдың қаңтар – сәуір айларымен салыстырғанда 7,1 пайызға артық болды және 9,1 млрд. теңгені құрады. Берілген ипотекалық несиелердің көлемі 26,8 пайызға төмендеді және 1,6 млрд. теңгені құрады.
Үстіміздегі жылдың сәуірінде ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка жылдық 14,6%-ды құрады, шетел валютасында – 13,9 пайыз, ҚР бойынша ұлттық валютада – 14,3%, шетел валютасында – 10,4%.
Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 17,4% артты және 65,5 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерінің меншікті салмағы 0,94%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері 62,7 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 16,3 пайызға артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 47,4 пайызға артты және 2,8 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 0,2% өскен және 43,1 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 1,75 есе өсті және 22,4 млрд. теңгені құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 34,2%-ды құрады. Теңгемен және шетел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда артты және сәйкесінше 7,9% және 4,6%-ды құрады. Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 9%-ға өсті және 109,0 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 218 мың теңгені құрады, 18,9 пайызға өсті.
Облыстың валюта нарығы 2014 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 128 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2014 жылдың қаңтар – сәуір айларында банктердің айырбастау пункттерімен және уәкілетті ұйымдармен облыста 63,5 млн. АҚШ долларын, 5,4 млн. еуро және 522,9 млн. ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды.
Төлем карточкаларының қызмет көрсету желісі 2014 жылдың 1 сәуірі жағдайына келесі қалыпта болып отыр: 268 банкомат (2013 жылдың 1 сәуірі жағдайына – 268), 1326 POS-терминал (өсу 47 пайызға немесе 427 бірлік). Мұнда есепті мерзімде 1 терминалға 433 тұрғын келеді, 1 банкоматқа – 2145 тұрғын. Пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта, мұны сандарының 56,8 пайызға 646-ға дейін және карта ұстаушылардың саны 12,8 пайызға 265,7 мың адамға дейін өсуі дәлелдейді.