«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСҚАЗАН ЖАРАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Адамдар әдетте асқазан жарасымен жиі ауырады. Ауру әбден асқынып кеткен кезде ғана дәрігерге көрініп жатады. Сондықтан да аурудың алдын алу науқастың жағдайын әлденеше есе жеңілдетеді. Ем-дом да оңай қонады. 

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,  

дәрігер.

Асқазан жарасы адамның тамақтану тәртібін сақтамаудан, ішімдікті, темекіні шамадан тыс пайдаланудан басталады. Сондай-ақ аурудың қозуына адамның жүйке-психикалық жай-күйі де әскер етеді. Сондықтан да қарынның кілегей қабығының қабынуынан (гастрит) басталған ауруды дер кезінде емдемесе, оның соңы ауыр кеселге ұласып кетуі мүмкін. Асқазан кеселін бірліжарым дәрі-дәрмектің көмегімен емдеп, жазу қиын. Ең бастысы, диеталық тамақтанудың қатаң ережесін сақтау керек. Сонда ғана дұрыс ем қолдануға болады. Оның шипасы да дариды. Дәрігерлік тәжірибеден байқап жүргеніміздей, бұл дертке шалдыққан кей адамдар диеталық тамақтануды дұрыс сақтамайды. Сондықтан да дертке ем қонбайды. Диетаны қатаң сақтау керек деп қайта-қайта айтып жатқанымыз да сондықтан.  

Диеталық тамақтанудың рациондық құрамын дәрігер белгілейді. Ол кеселдің “ыңғайына” қарай өзгеріп тұруы мүмкін. Асқазан кеселі кезінде ыстық және суық тағамдарды ішуден уақытша түрде бас тартқан жөн. Керісінше, суға, буға пісірілген тағам асқазанға жеңіл әрі сіңімді келеді. Сондай-ақ тұзы, бұрышы мол салынған тағамды да жеуге болмайды. Шама келсе, құрамында С,В, А дәрумендері бар азық-түлікті көбірек пайдаланған жөн. Диеталық тамақтың құрамында аққуыз, май, көміртегі, минералды тұз неғұрлым көп болса, денсаулыққа соғұрлым пайдалы. Тағам мөлшеріне түрлі өсімдік майларын қосудың еш айырмашылығы жоқ. Мәселен, күнбағыс майы, бүрген майы денедегі зат алмасуын түзейді. Асқазан кеселін тезірек жазады. Ең бастысы тамақтану ережесін дұрыс сақтаған абзал. Күніне 5-6 рет тамақтанған дұрыс. Және белгілі бір сағатқа дағдылану керек. Сүтті тағамдар, балық (алабұға, көксерке), жарма дақылдары, жеміс-жидек, көкөніс (картоп, сәбіз, қызылша, асқабақ, кәді) бірден-бір ем. Ал бұршақ, қарақат, жүзім, саңырауқұлақ, кофе, қара шай, алкоголь ішімдіктерді пайдалануға қатаң тыйым салынады. Дәрігерлердің белгілеуімен түрлі минералды суларды ішуге болады. Оны жылы күйінде тамақтанар алдында не тамақтанғаннан кейін ішкен жөн.  

Міне, осылайша тамақтану ережесін қатаң сақтап, алдын ала емдеуді жүйелі жүргізіп, асқазан кеселінен жазылуға болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp