“Улыбка” балалар қайырымдылық қоры мен облыстық Балалар құқығын қорғау басқармасы Соколовка ауылындағы даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне Жаңа жыл қарсаңында тосын сый ұйымдастырды.
Жаңа жыл қарсаңында мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры ұйымдастырған “Во благо детства” балына орайластырып, тілектерін білдіріп, хат жазады. Осылайша 30-дан астам бүлдіршін жаңажылдық тілектерін білдіреді. Олар хаттарында түрлі ойыншықтар, оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен қысқы спорттық ойын түрлеріне қажет бұйымдар сұраған. Балалар тілектері шыршаның ойыншықтарына салынып, олар “Түркістан” ойын-сауық орталығында өткен балдың шыршасына қойылады. Шыршадағы тілектерді балға келген меймандар, жергілікті кәсіпкерлер орындады. Демеушілердің арқасында 10-ға жуық хаттың иесі армандаған сыйлықтарына ие болды, дейді қайырымдылық қорының президенті Галина Бондаренко.
Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне бұл сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар табыстады. Алдымен балалар шағын концерттік іс-шараны тамашалады. Әсіресе, оларға сабын көпіршік шоуы қатты ұнады. Ал тілектерінің орындалғаны оларды одан бетер таңғалдырды. Шаңғы, коньки, фотоаппарат, магнитофон, қуыршақ және өзге де сыйлықтар өз иелеріне салтанатты түрде табысталды. Өз тарапынан балалар қорға ризашылықтарын білдіріп, жаңажылдық тақпақтарын оқыды.
Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.