Жаңажылдық мереке кезінде облыс полицейлері күшейтілген түрде қызмет етті. Күнделікті қоғамдық тәртіпті бақылауға 600-ден астам полицей жұмылдырылды, олардың қызметін тәулік бойы СҚО ІІД-нің Жедел басқару орталығы қадағалады.
Жаңа жыл мерекесі күндері аталмыш орталықтың қызметкерлері де күшейтілген режімде жұмыс істеді. Олар бейнекамералардың көмегімен көшедегі тәртіпті бақылады. Әйтеуір, Жаңа жыл түні облыс бойынша ешқандай қылмыс тіркелген жоқ.
“Облыс орталығында, сондай-ақ аудандарда Жаңа жылдың алғашқы түні тыныш өтті. Ауыр қылмыс тіркелген жоқ. Тек 2-3 қаңтар күндерінен бастап шақыртулар орын алды, олар, негізінен, отбасылық жан-жалдарға қатысты”, – дейді Жедел басқару орталығының бастығы Дәулет Теміров.
Демалыс күндері полицейлер көбінесе өздігінен жүре алмаған мас азаматтарды ұстады. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар тексеріліп, құжаты жоқтары қабылдау-бөлу пунктіне жеткізілді.
Жолда да тәртіп күшейтілді.
31 желтоқсан – 5 қаңтар аралығында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы тіркелді. 89 қылмыстың 63-інің ізі суытылмай ашылды. Заң бұзушылықтың бәрі дерлік ішімдік ішу салдарынан орын алып отыр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.