Жаңа жылдың бірінші тәулігінде облыстық перинаталдық орталықта он сәби дүниеге келді.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Жылқы жылында дүние есігін ашқан сәбилер ата-анасымен бірге ақ халатты абзал жандарды да қуанышқа бөледі. Шаңырағын шаттыққа бөлеген шақалақтардың алтауы – ұл, төртеуі – қыз бала. Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Жақсылықұлының айтуынша, аналар мен балалардың денсаулығы жақсы.
СУРЕТТЕ: Мүслимә Әміржанова.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.