Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!
Облыстың православиелік христиандарын үлкен де жарқын мейрам – Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын!
Христос Рождествосы мейрамы сан ғасырлар бойы Сіздердің үйлеріңізге сәулелі шаттық пен ізгі үміт дарытуда. Адамдардың жүректеріне сүйіспеншілік, мейірімділік және ертеңгі күнге сенім ұялатуда. Жақыныңа қамқорлық, бейбітшілік сүйгіштік, дінге еркіндік, аяушылық ажырағысыз бөлігі болып табылатын ортақ рухани құндылықтар мен тарихи дәстүрлердің негізінде қазақстандықтарды біріктіруге қызмет етеді.
Солтүстік Қазақстандағы православие – ең көп тараған конфессиялардың бірі. Орыс Православие Шіркеуі қоғамымызда татулық пен келісімді нығайтуға, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы игі диалогты дамытуға зор үлес қосуда, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің және Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жұмысына белсене қатысуда. Православиелік діни қауым және тұрғындар басқа конфессиялардың өкілдерімен бірге өңіріміздің байлығын еселей түсуде, қоғамымыздағы руханият пен дін еркіндігін нығайтуда.
Елбасымыз ауқымы зор “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” бағдарламалық құжатында қазақстандық отаншылдық, Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өркендеуі, этносаралық және дінаралық келісім түбегейлі бағыттары болып табылатын зайырлы мемлекеттің ғасырымыздың ортасына дейінгі жүйелі стратегиялық даму тұжырымдамасын ұсынды. Мемлекет басшысы еліміздің халқына Жолдауында айрықша атап көрсеткеніндей, еліміз өзге ұлттармен жарастықта ғана болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады.
Осы бір жарқын мейрамның идеясы алдағы уақытта да Қазақстан қоғамында өзара түсіністікті, этносаралық татулық пен дінаралық келісімді нығайтуға жәрдемдеседі деп сенемін.
Мейрам Сіздерге пәк ниет сыйлап, игі әрекетке жігерлендіріп, жан жылуы мен жақсы көңіл күйін дарытып, сеніммен нұрландырып, рухани және адамгершілік негіздерді нығайта берсін! Отбасыларыңызда молшылық, сенім мен келісім болғай! Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға денсаулық, табыс, бақыт, татулық және сүйіспеншілік тілеймін!
Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.