«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындаулар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Марат Жақсылықұлы Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысы Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Марат Жақсылықұлы 1969 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауданындағы Бескөл ауылында туған.

Павлодар индустриялық институтын, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-механик, экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы “Силикат инвест” инвестициялық-жекешелендіру қорының атқарушы директоры болып бастады. 1995 жылы Қазақстан-Ресей қор үйінің әкімшілік директоры болып істеді.

1995-1999 жылдары – “Бағалы қағаздар сервисі нарығы компаниясы” ЖШС директоры. 1999-2000 жылдары – “Степняк” ЖШС-і конкурстық басқарушысы. 2000-2001 жылдары – Петропавл қаласындағы “Спецстрой” конкурстық басқарушысының орынбасары, 2001-2002 жылдары – “Стальмонтаж” ААҚ конкурстық басқарушысының орынбасары, 2001-2010 жылдары – “Сұлтан” ЭММК ААҚ техникалық директоры. 2010 жылдан осы тағайындалуға дейін “Су бұрғыш және су өткізгіш тазарту ғимараттары” МКК директоры болып еңбек етті.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Алмас Мәдиұлы Хасенов облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алмас Мәдиұлы 1968 жылы Целиноград қаласында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын, Қарағанды экономикалық университетін ауылшаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы “Есіл” АҚ-ның ауыл шаруашылығы бөлімінің менеджері ретінде бастаған.

1995-1996 жылдары аралығында “Атамекен” АҚ-ның вице-президенті болып жұмыс істеген.

1996-1998 жылдар аралығында “Азия-Полис” сақтандыру компаниясының Ақмола облысындағы филиалының директоры болған.

1998-2007 жылдар аралығында кеден органдарында қызмет еткен.

2007 жылдан 2010 жылға дейін – Петропавл қаласының №2 сотының судьясы.

2010 жылдан 2013 жылға дейін облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап осы тағайындауға дейін “Транссервис” ЖШС директорының даму жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

  Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp