«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚУАНТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жыл қарсаңында “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қор әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардың мерекелік дастарқанына азық-түлік, ал балаларына сыйлық табыстауды мақсат етті. Аяз ата мен Ақшақар облыс орталығында тұратын екі отбасыда қонақта болып қайтты.

Екі баланың анасы Гүлмира Жансейітова қордың жасаған игі ісіне өз ризашылығын білдірді. Гүлмирадай жалғызбасты ана – Ольга Голубицкая да мұндай жаңажылдық тосын сыйды күтпегенін айтты. Үш баланың анасы: “Үйге қызыл қапшығын арқалаған Аяз ата келгенде балалардың қуанышында шек болмады” , – деді.

Қиял-ғажайыпқа сенетін бүлдіршіндер Аяз атаға тақпақтарын оқып, жаңажылдық өлеңдер орындады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp