«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУЫҚ АЛЛЕРГИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,

дәрігер.

Суық аллергиясы деп ағзада жел мен ылғалдан пайда болған дертті айтады. Ол адам ағзасында бетке шыққан қызыл дақ күйінде білінеді. Оның көлемі әртүрлі болып келеді. Суықтан болған аллергия асқынған кезде сыздап, қышиды. Дене қызуы көтеріледі. Қызарған дақтың ортасы солғынданып, ағарады.  

Аллергия, ең алдымен, ағзаның белгілі бір бөлігінен басталады. Қол терісінен басталған бұл ауру суыққа төзбейтін ағзаның біраз бөлігін суық шалғандай әсерде болады. Өтпелі ауыр кезеңді бастан өткеріп, кей жағдайда адам есінен де танады. Түрлі медициналық әдебиеттерде суық аллергиясы қызыл дақ күйіндегі бөртпе емес, сондай-ақ бас сақинасын, бронх демікпесін тудыратын ауру екені айтылған. Ол сонымен қатар жүректі сыздатып, іш ауруларын қозғайды. Адамның жүрегін айнытып, құстырады. Бұл дертке шалдыққандардың кейбіреуінде тонзилит ауруының ошағы пайда болады. Бауыр ауырып, жүрек пен тамыр соғысы нашарлай түседі.

Кейбір жағдайларда аллергияның бұл түрі тамақ аллергиясымен астасып жатады. Бұл жағдайда вирусты тудыратын тағамды жеуге болмайды. Олай болмайынша, оның суық аллергиясына деген “қабілеті” артып, ауру асқына түседі.  

Қазіргі таңда елімізде аллергиялық қызмет түрлерінің жүйесі кеңейе түсуде. Мәселен, Қазақстанда республикалық аллергиялық орталық бар. Ол жоғарыда аталған аллергия түрлерімен сырқаттанған адамдарды емдейді. Аталмыш дертке шалдыққан науқас міндетті түрде дәрігердің есебінде тұруы тиіс. Олардың мұндай түрлі медициналық тексерістерден өткенінің пайдадан басқа зияны жоқ. Аллергиялық сырқатқа шалдықпас үшін ағзаны шынықтыру керек. Бұл орайда тыныстық жаттығумен айналысудың маңызы зор. Суға жүзіп, теріні әлсін-әлсін ысқылап, дене шынықтырумен айналысу қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp