Жаңа жыл қарсаңында Энергетика күні мен “Солтүстік Қазақстан Электр желісін тарату компаниясы” АҚ-ның 50 жылдық мерейтойына орай “Үйіміздегі жарық пен жылу” атты балалар суреті конкурсының қорытындысы жарияланды.
Жас суретшілерді марапаттау “СолтҚазЭнерго” АҚ орталық кеңсесінде болып өтті, олардың ең үздік туындылары арнайы стендтерге ілінді. Конкурс қорытындысын “СолтҚазЭнерго” АҚ басқармасы төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Алла Язковская хабарлап, балалар мен олардың ата-аналарына байқауға қатысқаны үшін алғыс білдірді. Байқауға барлығы 300-ге жуық бала қатысты. Сонымен кіші жас тобында (5-7 жас) бірінші орынды Кристина Колесникова (7 жас), екіншіні – Максим Канюк (5 жас), үшіншіні Мария Кисленко (5 жас) ұтып алды. Орта жас тобында (8-11 жас) жүлдеге мыналар ие болды: 1- орын – Яна Лайс, 2- орын – Яна Андрущинина және 3-орын – Илья Бражник. Ал 12-14 жас аралығындағы топта Дарья Назарованың (1 – орын), Ангелина Музыканың (2- орын), Алексей Гавриловтың (3- орын) бағы жанды. “Суретші-өнертапқыш” аталымын Виктория Руденко, “Ең креативті суретші” аталымын Никита Дадаев және “Ең кішкентай суретші” аталымын Саида Амандықова жеңіп алды.
“СолтҚазЭнерго” АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі.