«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОЖДЕСТВО АТАП ӨТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтардың 6-сынан 7-іне қараған түні православие шіркеулерінің барлығында Рождество мерекесіне арналған құлшылық ету рәсімі өтті. Өңір басшысы Самат Ескендіров облыс орталығындағы Вознесение шіркеуінде барлық православиеліктерді діни мерекемен құттықтады.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Біздің елімізде адам баласын жақсылық пен қайырымдылыққа, жанашырлық пен сүйіспеншілікке үндейтін барлық діндерге бірдей құрмет сезімі қалыптасқан. Елбасының Жарлығымен 2005 жылдан бері Рождество мерекесі демалыс күні болып белгіленгені де соның айғағы. Православиелік діни қауым мен тұрғындар өзге конфессиялардың өкілдерімен бірге қоғамымыздағы руханият пен төзімділікті нығайту үстінде. Баршаңызды Рождество мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, татулық, тыныштық пен құт-береке тілеймін, – деді облыс әкімі Самат Ескендіров.

Петропавл және Булаев епархиясының епископы Гурий де жиналған жұртшылыққа игі тілегін жеткізіп, өңір басшысына діни мейрамға деген ілтипаты үшін алғысын білдірді.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp