«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУШЫЛАРЫМНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – қызметімнің басты өзегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айман АСАНОВА,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Елбасымыздың “Қазақстан – 2050” Стратегиясын,“Нұр Отан” партиясының жаңа Саяси доктринасын жүзеге асыруды сайлаушыларымның өтініштері мен сайлауалды бағдарламамда берген уәдемді орындауды өз жұмысымның басты бағыттары деп білемін. Мен – депутаттық өкілеттіктер, азаматтар құқығы мен заңдылық, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесімін. Аталмыш комиссия жұмысын облыстық мәслихаттың басымдық берілген және ағымдағы жоспарына сәйкес өз құзыреттілігі аясында атқарады.

Тұрақты комиссияның Тимирязев ауданында өткен “Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі” мәселені зерттеу жөніндегі, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының ауданда жүзеге асырылуы, Шал ақын ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасының орындалу барысы қаралған көшпелі отырыстарына қатыстым.  

Сайлаушылармен сайлауалды кездесулерде орындауға әлеуметтік бағыттағы – ауылдарда жол, мектеп, медициналық ұйымдарды, Мәдениет үйін жөндеу жөніндегі өтініштерін қабылдадым. Соған орай атқарушы органдарға сұрау салып, мектепке, медициналық ұйымдарға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жөніндегі мәселелерді қадағалауға алдым.

Жеке жұмыс жоспарыма сәйкес Шал ақын ауданында, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда, Тимирязев ауданында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты ел тұрғындарына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында сайлаушылармен кездесулер өткіздім.

Сайлаушыларымыз біздің ауқымды экономикалық және әлеуметтік қана емес, күнделікті тұрмыстық мәселелерді де шешкенімізді күтеді. Депутаттардың жұмысының тиімді үлгісі – қоғамдық қабылдау. Мен облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жергілікті БАҚ-та қоғамдық қабылдау өтетін уақыт пен орны көрсетілген хабарландыру беріп, азаматтарды ай сайын қабылдаймын. Өткен кезеңде жеке қабылдауымда 15 кісі болды. Азаматтар жұмысқа орналасу, жол жөндеу, шағын жинақталған мектептердің мәселелері, сумен қамту және аумақты абаттандыру, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту бойынша шара қолдану, мүгедек балаға емдеуалдын алу шарасын өткізу, Комсомол ауылдық округіндегі шағынорталықтың жұмыс кестесі жөнінде өтініштер айтты. Сайлау округінің құрамына 39 сайлау учаскесі кіреді. Оның 10-ы – Шал ақын, төртеуі – Ғ.Мүсірепов атындағы, 25-і – Тимирязев ауданында. Қазір өзімнің сайлау округімдегі ауылдарға түйінді мәселелерді анықтап, атқарушы органдарға жеткізу жеткізу үшін жиі барып жүрмін.

Сайлаушылармен кездесу үшін Ғ.Мүсірепов атындағы және Шал ақын аудандарына барып, Червонное, Новоселевка, Крещенка және Ұзынжар ауылдарында азаматтарды қабылдадым.

Сайлаушылардың өтініштері бойынша жұмыс істеу – депутаттық қызметтің негізгі әрі маңызды бөлігі. Маған келіп түскен өтініштерді шешу үшін облыстық және аудандық мемлекеттік органдарға хаттар әзірленіп, жолданды. Мәселен, Петропавл қаласының әкімдігіне М.В.Савельеваның Балалар үйінде тәрбиеленген 5 немересінің үлкендері облыс орталығында тұратын анасының мекенжайы бойынша тіркеле алмай жүргендігі жөнінде өтініш жолданды. Көмек көрсетіліп, балалар тұрғын үй алаңына тіркеліп, ата-анасымен тең құқықта пәтердің иесі атанды. Шал ақын аудандық мәслихат депутаттарының жалпы білім беретін мектептердің штаттық кестесінде аспаз бен асхана жұмысшыларының бірлігі болмауы, облыстың аудандарындағы жалпы білім беретін мектептердің 1-4-сынып оқушыларын жергілікті бюджет есебінен бірреттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мақсатты қаржыландыру есебінен мектеп асханаларының материалдық базасын жақсарту мәселелерін шешу жөніндегі өтініші бойынша облыстық Білім басқармасына депутаттық сауал жолдадым.

Жеке жұмыс жоспарына сәйкес “Мектепке жол” акциясына белсене қатысамын, Дін істері жөніндегі басқарма мен облыстық Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған “Дін және жастар” тақырыбындағы облыстық конференциясына, “Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру” тақырыбындағы “Өңір” депутаттар тобының “дөңгелек үстеліне” қатыстым. Депутаттық мандатты алудағы уәжім біреу: өңіріміздің дамуына, жерлестерімнің әл-ауқатын жақсартуға әсер ететін шешімдерді қабылдауға атсалысу.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp