Vlast.kz сараптамалық интернет-журналының жыл сайынғы “Жыл адамы” байқауының қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Қазақстанның үздік менеджері деп танылды.
Журнал редакциясы: “Beeline Қазақстан компаниясына басшылық етуші Тарас Пархоменко Украинадан менеджменттің сапалы стандарттарымен қоса өзінің табысты тәжірибесін де ала келді. Бір жыл ішінде ол компанияға және жалпы салаға күрделі нарықтағы бәсекелестік деңгейін көтере отырып және қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, жаңа қарқын әкелді. Ірі компанияны тиімді және сенімді түрде басқара отырып және Beeline-нің Интернет бағытын қуатты түрде дамыта отырып, Пархоменко өзін тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы сәттілікті серік еткен менеджерлердің бірі ретінде көрсетті”, – деп атап өтті.
“Жыл адамы – 2013” сыйлығы – интернет-аудитория мен еліміздің әртүрлі салаларындағы көшбасшылардың эксперттік қауымдастығының бірлесе отырып берген бағасы.
(Өз тілшімізден).