Жігіт жастан “темір тұлпардың” құлағын ұстаған Ербол Қожахметов кез келген техниканың тіліне жетік. Ол Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін өз еңбек жолын ауыл шаруашылығымен сабақтастырғанына да ширек ғасыр өтіпті.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Бүгінде Ербол еңбек ететін Мамлют ауданындағы “Әйтеке би – СК” ЖШС-і тәжірибелі де білікті механизаторды құрмет тұтады. Шаруашылық әкімшілігі еңбеккерге үлкен сенім артып, таяуда сатып алынған сужаңа “Есіл-760” комбайнының тізгінін қолына ұстатыпты.
– Жүрісі жаман емес. Біздің серіктестік ауыл шаруашылығы техникаларымен жақсы жабдықталған. Әрине, заманауи техникаларда біраз өзгешеліктер болады. Оларды үйреніп алуға тырысамыз. Осындай техникаларда жұмыс істеу жеңіл әрі ыңғайлы, – дейді Ербол Еркенұлы.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.