«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ы – “Парыз – 2013” сыйлығының жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жылдың қарсаңында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен “Парыз” сыйлығын тапсыру салтанатында біздің “СевКазЭнерго” АҚ-ы “Экологияға үлесі үшін” аталымында алтын жүлденің иегері атанды. Жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” сыйлығының алтын жүлдесін “СевКазЭнерго” АҚ-ның акционері болып табылатын “Орталық-Азиялық электр энергетикалық корпорация” АҚ-ы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебановқа тапсырды.

“СевКазЭнерго” АҚ-да экология мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Қоршаған ортаға ластағыш заттар шығарындыларын азайту мақсатында Петропавл ЖЭО-2-нің барлық станциялық жылу қазандығы агрегаттарында 2-ші буын титан эмульгаторлары орнатылған, олар күл шығарындыларын 6 есе азайтуға ықпал етті (2008 жылғы 20,7 мың тоннадан 2013 жылғы 3,4 мың тоннаға дейін).

Кәсіпорында ескі құрал-жабдықтарды пайдалы әсер коэффициенті жоғары, отын шығыны үлесі төмен және қоршаған ортаға әсері аз осызаманғы жаңа қондырғылармен ауыстыру жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мысалы, 14 желтоқсанда жаңа анағұрлым қуатты, бірақ сонымен бірге қуат үнемдегіш және экологиялық талаптарды қанағаттандыратын №4-ші турбина агрегаты іске қосылды. Пайдалануға берілгеннен кейін станцияның жұмыс қуаты 63 МВт-ға артып, 410 МВт құрады. Электр қуатын өндірудің үлесті шығарындылары есепті деректерге сәйкес 2,5 пайызға төмендеді. Турбина қондырғысының жабдықтарын қайта жаңарту бойынша шығын сомасы 6,1 млрд. теңгені құрады.

Компанияның 2016 жылға дейінгі жоспарында №1 және №5 турбина агрегаттарын ауыстыру және №12 жылу қазандығы агрегатын қайта жаңарту, сол сияқты №8 жылу қазандығы агрегатын монтаждауды аяқтау көзделген.

Өндіріс қалдықтарын іске жарату жөнінде жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы құны 3,5 млрд. теңге тұратын №2 күл шығарғыштың 3 секциясының құрылысы аяқталды.

Үлкен Белое көлінің биологиялық жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпорын жыл сайын оның түбін тазарту жұмыстарын жүргізеді. Жер ресурстарын қорғауға, кәсіпорын аумағын көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғаудың басқа талаптарына да айрықша көңіл бөлінеді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауды Елбасы 2008 жылы бекітті және оны ҚР-ның Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігімен, “Атамекен одағы” ҰЭП-мен және Қазақстан кәсіподақтары федерациясымен бірлесіп жыл сайын өткізіп келеді. 2013 жылы “Парыз” байқауына қатысуға республиканың барлық өңірлерінен 534 кәсіпорын өтініш берді. Сыйлық жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы саладағы оң тәжірибелерді кеңінен таратуға ынталандыру мақсатында тағайындалған.

2011 жылдан бастап “Үздік ұжымдық шарт”, “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” және “Үздік әлеуметтік жауапкершіліктегі кәсіпорын” аталымдарына қосымша “Экологияға үлесі үшін” аталымы да енгізілді. Аталмыш аталымда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау (экологиялық) бағдарламаларын жүзеге асыруда айтарлықтай көзге түскен үміткерлердің қызметі бағаланады.

Анықтама ретінде: “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы – сатылас интеграцияланған компания, ол облысты қуатпен жабдықтаудың барлық буынын – өндіруді, тасымалдауды және өткізуді қамтиды. Компанияда өндіруші кәсіпорын – Петропавл ЖЭО-2, тасымалдаушы кәсіпорын – “Солтүстік Қазақстан Тарату электр желілері компаниясы” АҚ, “Петропавл жылу желілері ЖШС-і, сол сияқты қуатпен жабдықтаушы ұйым – “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і бар. ЖЭО-2-нің белгіленген жиынтық қуаты 410 МВт құрайды, жылу қуаты бойынша – 874,8 Гкал/сағат. “СевКазЭнерго” АҚ-ның электр желілерінің ұзындығы 13566,40 шақырым, жылу желілері 231,5 шақырымды құрайды. “СевКазЭнерго” АҚ-ы өз өндірісінің электр қуатымен облыстың 580 мың тұрғынын, жылумен – Петропавл қаласының 206 мың тұрғынын, соның ішінде 2,2 мың бюджеттік, өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындарын жабдықтауды қамтамасыз етеді.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp